Қорғаныс министрлігі Ливандағы қазақстандық бітімгерлер арасындағы COVID-19 жағдайына есеп берді

ҚР Қорғаныс министрлігі Ливандағы қазақстандық бітімгершілік әскерлерінде коронавирустық инфекцияны жұқтыру фактілері бар деген ақпаратқа жауап берді.

Бұл мәліметтер бұқаралық ақпарат құралдарында таратылды.

Ағымдағы жылдың 14 қыркүйегіндегі жағдай бойынша үнді бітімгершілік батальоны мен қазақстандық бітімгершілік ротасының жеке құрамының арасында COVID-19 жоқ.

Естеріңізге сала кетейік! Өңірлік қолбасшылықтар мен десанттық-шабуыл әскерлерінің әскери қызметшілері «Ливандағы БҰҰ уақытша күштері» миссиясының құрамына кіретін қазақстандық әскерлерді ротациялау үшін Ливанға ұшып шықты.

Қазақстандық әскерилердің алдыңғы тобы 2019 жылдың қарашасынан бастап Ливанда орналасқан, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.

«Қазақстан Қарулы Күштерінің бітімгершілік қызметі — бұл халықаралық әскери ынтымақтастықты дамыту, біздің әскери қызметшілер алатын баға жетпес тәжірибе. Миссияға қатысу халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға үлес қосып қана қоймай, халықаралық қоғамдастықтың жауапты мүшесі ретінде Қазақстанның оң имиджін қалыптастырады. Сіздерге ерлік пен шыдамдылық тілеймін», — деді десанттық-шабуыл әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Қаныш Әбубәкіров бітімгершілерге.

Бұрынғыдай қазақстандық әскери қызметшілер Ливан Республикасындағы үнді бітімгершілік батальонының құрамында жарты жыл бойы болады. Бітімгершілер жергілікті жерді патрульдеу жөніндегі міндеттерді орындайды, азаматтық халыққа көмек көрсетеді, бақылау бекеттерін ұйымдастыруға және миссия штабының басқа да іс-шараларына қатысатын болады. Күн сайын қазақстандық және үндістандық бітімгерлер бірлесіп кемінде 50 міндетті орындайды.

Ливанға баратын ротаның құрамына дәстүрлі түрде 120 адам кіреді. Жеке құрамның денсаулығын сақтау үшін эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, әскери қызметшілерді жөнелту екі кезеңде — тамыздың басында және ортасында жүзеге асырылатын болады.

Бітімгершілерге күрделі климаттық жағдайларда қызмет атқаруға тура келеді, сондықтан кандидаттар қатаң іріктеуден, медициналық комиссиядан және моральдық-психологиялық тұрақтылыққа сынақтан өтті. Бітімгершілік миссиясының офицерлері мен сержанттары ағылшын тілін біледі, сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгершілік қызметке қатысты негізгі құжаттарының ережелерін біледі.

Добавить комментарий