Өткен тәулікте пневманиядан 30 адам қайтыс болды

ҚР: Өткен тәулікте коронавирус пен ковидтік пневмониядан 30 адам қайтыс болды

Хабарланғандай, қаза тапқандардың 27-сінде ПТР-тест нәтижесі оң болды, тағы үшеуінде ПТР-тест нәтижесі теріс COVID-19 белгілері бар пневмониямен ауырған.

7 шілде таңертеңгі мәлімет бойынша, коронавирустан 34 189 адам ем алуда. Оның 32 876-сінде ПТР-дың оң және 1 313-інде теріс нәтиже бар. 10 708 пациент стационарларда, 23 481 науқас үйде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

710 адамның жағдайы ауыр,

143 пациенттің жағдайы өте ауыр,

75 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, өткен тәулікте, 6 шілдеде Қазақстанда коронавирустық инфекцияға тапсырған ПТР-тесттің оң нәтижесі бар 2 711 науқас тіркелді. Айта кетейік, Алматы мен Нұр-Сұлтандағы жаңа жағдайлардың саны артты.

Добавить комментарий