Қазақстанда «QazVac» өндірісінің көлемін ұлғайту жоспарланып отыр

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде отандық QazVac вакцинасының өндірісін ұлғайту жоспарланып отырғанын айтты.

«QazVac вакцинасы еліміздің өңірлеріне жеткізіле бастады. Барлық азаматтарға қолжетімді болу үшін отандық екпе өндірісін ұлғайтамыз. Қазақстан әлем бойынша өз вакцинасын шығарған бірнеше елдің қатарында. Екпені әзірлеген ғалымдар мен мамандардың бәріне алғыс айтамын», — деп жазды Тоқаев жұма күні өзінің Twitter-дегі парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, 22 сәуір күні Қазақстанда Биоқауіпсіздік поблемалары ғылыми-зерттеу институтының базасында өндірілген QazVac (QazCovid-in) вакцинасының алғашқы партиясы шығарылғаны хабарланған болатын. Препараттың қанша мөлшерде дайындалғаны хабарланбады.

Добавить комментарий