
Германияда қарттар үйінің қарияларына COVID-19-ға қарсы вакцинасын қажетті нормадан үш есе артық дозада салғаны үшін ауруханаға жатқызылды
Оқиға 27 желтоқсанда болған деп хабарланды.
Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, дозаның артуына препараты бар шприцтерді дайындайтын жекелеген қызметкерлердің “жеке қателігі” себеп болған.
Жоғары вакцинамен инъекция алған жеті әйел мен бір ер адам үйіне жіберілді. Кейінірек Штральзунд қаласы орналасқан Алдыңғы Померания – Рюген округінің басшысы Штефан Керт осы науқастардың төртеуі өз еріктерімен, сақтық мақсатында стационарлық бақылау үшін ауруханаға жатқанын хабарлады. Оларда тұмау белгілеріне ұқсас белгілер байқалды. 27 желтоқсан күні кешке олардың үшеуі тағы ауруханадан шықты.
Керт сондай-ақ клиникалық сынақтардың бірінші сатысында препаратты тестілеу кезінде BioNTech компаниясының мамандары еріктілерге вакцинаның жоғары мөлшерін салғанын және бұдан кейін ешқандай ауыр жанама әсерлер байқалмағанын айтты.
Кейінірек бұл ақпаратты BioNTech-тың ресми өкілі растады. Ол сынақ кезінде еріктілерге препараттардың 100 микрограмм дозасы егілді, ал вакцинаның әдеттегі дозасы 30 микрограмманы құрайды.