Қазақстанда Стамбулға рейстер санын қысқарту мәселесін қарау ұсынылды. Бұл Түркияда коронавирустық инфекцияға шалдыққан науқастардың көбеюіне байланысты.
Бұл туралы ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова хабарлады.
«Түркиядағы эпидемиологиялық жағдай ушығып тұр. Күн сайын 50 мыңнан астам жағдай анықталып жатыр. Бұл біздегіден 5,5 есе көп. Сондықтан бүгін ВАК отырысында Түркиямен рейстерді қысқарту туралы ұсыныс айтылды. Қазір бұл ұсыныс қаралып жатыр», — деді А. Есмағамбетова.