Қазақстанда жерді қашықтықтан зондтауға бағдарланған спутниктерді шығару жоспарланып отыр

Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин жерді зондтауға бағдарланған спутниктерді шығаруды жоспарлап отырғанын хабарлады және олар не үшін және қандай салаларда қолданылатынын айтты.

«Ғарыш саласындағы екінші бағыт — жерді қашықтықтан зондтау. Қазір ол бірнеше салада қолданылып, көмектесіп отыр. Мысалы, өткен жылы пайдаланылмай жатқан 1 млн га жер анықталды. Сондай-ақ, 217 заңсыз ағаш кесу фактісін, 4 млн га өрт ошағын, 9 мыңнан астам заңсыз қоқыс орын анықтадық. Мұның барлығы спутниктік технологиялардың көмегімен анықталады. Әрі қарай осы бөлімге кететін болады. 60 млрд теңгеге салынған зауытта жерді қашықтықтан зондтауға бағдарланған спутниктер жасайтын боламыз. Біз осы бағытта дамимыз», — деп түсіндірді Бағдат Мусин.

Бұған дейін министр ХҚКО операторлары арнайы кодсыз қазақстандықтардың дербес деректеріне қол жеткізе алмайтынын хабарлаған болатын.

Добавить комментарий