Батыстық сарапшылар Кремльдің жоспарын айтты

Ресей Федерациясының Президенті мен Қорғаныс министрі Ресей армиясының бақылауына өткен аумақтарды қорғауды нығайту қажеттігін мәлімдеді.

Ресейлік БАҚ өкілдері соңғы уақытта Ресейде азаматтардың басым көпшілігі Владимир Путинді және оның қабылдаған шешімдерін, атап айтқанда, Украинада арнайы операция бастау туралы шешімін қолдайтынын жарыса жазды.

Украиналық саясаттанушылар Ресей халқының бәрі қолдамайды деп есептейді.

«Ресей билігі 10 жылдан бері «наразылық білдірушілер болмаса — проблема жоқ» деген парадигманы ұстанады. Сондықтан Ресей билігі үшін кез келген митинг, тіпті адам аз болса да, үлкен проблема, өйткені бұл Путин режиміне тікелей қауіп төндіреді.

Фото: Кремль Харьков облысында қалыптасқан жағдай үшін жауапкершілікті Путинге жүктемеу үшін барын салып жатыр

Украинадағы әскери іс-қимылдар жарты жылдан астам уақыт бойы жалғасып келеді, соғысқа қарсы наразылық акциялары туралы жаңалықтар осылай келіп түсуде. Әрине, жаппай наразылықтар туралы айтуға келмейді, бірақ митинг аздаған адамдардың қатысуымен, жеке пикеттер және басқа да қоғамдық акциялар түрінде өтеді. Бұл дегеніңіз, елдің әр өңіріндегі ресейліктер Путинді қолдамайды және соғысқа қарсы митинг үшін бас бостандығынан айыру жазасына қарамастан, өз ұстанымдарын білдіру үшін адамдар көшеге шығып наразылық білдіруде. Жақын арада соғысты қолдайтындар саны азаяды. Соғыстағы жеңілістер, құлдыраған экономика мен әскери қуғын-сүргін адамдардың көзін ашады», — деп мәлімдейді украиналық саяси технологтар.

Украина баспасөз беттерінде украиналық әскерилердің контршабуылы қызу талқыланып жатыр, соның нәтижесінде Харьков облысындағы аумақтардың басым бөлігі Украина әскерінің бақылауына өтті. Ресей Федерациясының Президенті мен Қорғаныс министрі Ресей армиясының бақылауындағы аумақтарды қорғауды нығайту қажеттігін мәлімдеп, ішінара мобилизация жариялау қажеттігін жариялады.

Фото: Кремль Харьков облысында қалыптасқан жағдай үшін жауапкершілікті Путинге жүктемеу үшін барын салып жатыр

 

«Украина Қарулы күштері 6-11 қыркүйек аралығында Ресей әскерлері сәуір айынан бастап арнайы операция басталғаннан бері басып алған аумақтардың көбісін қайтарып алды. 14 қыркүйекте, Қорғаныс министрлігінің мәліметі бойынша, Украина әскерлері шамамен 388 елді мекенді қайтарып, 150 мың адамды босатты», — делінген хабарламада.

АҚШ болса Ресей әлі де кері шегінеді деп болжап отыр. Өз кезегінде Ресей тарапы кері шегінуін «басқа жаққа бұру және орын ауыстыру операциясы» деп атайды.

Соғыс алаңындағы оқиғалардан кейін Путин мен билік басындағылары аталған арнайы операцияны бастау туралы шешім қабылдағаны үшін сынға қалды.

«Кремль Харьков облысында қалыптасқан жағдай үшін жауапкершілікті Путинге жүктемеу үшін барын салып жатыр. Кремль Украина әскерилеріне қарсы тұру үшін жеткілікті түрде хабардар болмаған Путиннің әскери кеңесшілерін айыптамақ. Осылайша, пропаганда мен Ресей президенттің айналасындағы шенділер ресейліктердің Путинге деген адалдығын сақтап, ресейліктер арасындағы үрей мен наразылықты баспақ», — деп мәлімдейді украиналық саяси технологтар.

Добавить комментарий