Білім министрлігі қазақстандық мектептерде бүгін, 2021 жылғы 1 сәуірде төртінші тоқсаны басталды деп хабарлады.
Бүгін қазақстандық мектептерде оқу жылының соңғы — 4 тоқсан басталды. Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты әр өңірде жағдай әртүрлі, сондықтан әр облыс оқыту шарттарын өз бетінше қабылдайды. Елордадағы 65-ші гимназияда «Хабар 24» арнасының түсірілім тобы жұмыс істеп жатыр. Зарина Бейсембина, тілші: — 374 оқушы мектеп қабырғасында оқуды бастады. Қазір мектепте жүрген оқушылар тоғызыншы және он бірінші сынып оқушылары, яғни бітіруші сынып оқушылары.
Естеріңізге сала кетейік! Қазақстанда бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау басталды.