Астана маңында мерзімді қызметтегі сарбаз қаза тапты

Қорғаныс министрлігі мерзімдігі қызметтегі сарбаздың қайтыс болғанына байланысты ресми мәлімдеме жасады. Жас жігіт Астана маңында көз жұмды.

«Бүгін, 18 қаңтарда, Астана қаласының маңайында парашютпен жоспарлы секіру бойынша оқу-жауынгерлік тапсырмаларын орындау барысында мерзімді қызметтегі сарбаз қаза тапты», — делінген хабарламада.

Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталу үстінде. Қазіргі кезде тексеріс жүргізіліп жатыр.

Әскери қызметші 2022 жыдың көктемінде Қарағанды қаласынан әскер қатарына шақырылған болатын. Командирлері мен қызметтестері арасында үлкен беделге ие болған еді. Бауырмашыл, қызметі жағынан үнемі жақсы жағынан көрінетін. Борышын өтеуге келгелі бері әскери істі үйренуге ерекше ынта танытып жүретін.

«Өз ата-анасының айбынды ұлы, нағыз патриот және қызметтестері арасында үлгілі азамат болатын», — деп атап өтті Қорғаныс министрлігі.

Қарулы Күштердің басшылығы мен жеке құрамы сарбаздың отбасы мен жақындарына орны толмас қазасына ортақтасып, қайғыра көңіл айтады.

Қорғаныс министрлігінің тарапынан әскери қызметшінің отбасына көмек көрсету бойынша барлық қажетті шаралар қабылданатын болады, деп хабарлайды баспасөз қыхметі.

Добавить комментарий