Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 5149 жағдайы тіркелді
Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«2020 жылғы 13 наурыздан 2021 жылғы 3 қыркүйекке дейін КВИ+ жұқтырғандар: 808 431 жағдай (өткен тәулікте 4830), 9689 адам қайтыс болды (2 қыркүйекте 98 адам); 2020 жылғы 13 наурыздан бастап 2021 жылғы 2 қыркүйекке дейін КВИ- жұқтырғандар: 70 927 жағдай тіркелді (2 қыркүйекте 319 жағдай), 4542 адам қайтыс болды (2 қыркүйекте 36)», — делінген сенбі күні таратылған хабарламада.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі таңда 96 156 адам коронавирус инфекциясынан (–88 717 + және 7 439 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 21 070 пациент стационарда, 75 086 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
«КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 1 519 адамның жағдайы ауыр, 439 пациенттің жағдайы өте ауыр, 213 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр», — делінген хабарламада.
Ресми деректер бойынша, Қазақстанда COVID-19-дан 710 025 адам сауығып шықты.
Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін 6 787 867 адам, екінші компонентін 5 615 412 адам алды.