Қытай: Жануардан адамға жұғатын тағы бір вирус анықталды

Қытайдың «Пэнпай» ақпараттық басылымы ел аумағында жануардан адамға жұғатын жаңа вирус анықталғанын хабарлады.

Жарияланымда Қытай мен Сингапурдың бір топ ғалымы адамдар жұқтыруы мүмкін жануарлардан шыққан генипавирус деген жаңа вирус анықталғаны айтылған. Ғалымдар оған Langya henipavirus (LayV) немесе «Ланъя» деген атау берді. Жаңа вирус Қытайдың Шаньдун және Хэнани қалаларында 35 адамнан анықталды.

«Ланъя» вирусының симптомдарына қызба, шаршау, жөтел, анорексия, миалгия, сондай-ақ жүрек айнуы және құсу жатады. Ғалымдар жаңа инфекция «Нипах» вирусына ұқсас екенін, бірақ өлім-жітім жағдайы немесе аурудың өте ауыр болғаны тіркелмегенін атап өтті.

Жануарлар әлемінде вирус көбінесе жертесерлерде анықталатыны белгілі, оған антиденелер ешкі мен иттерден табылған. Осыған байланысты мамандар «Ланъяның» адамнан адамға жұғатыны әзірге белгісіз деп отыр.

Сингапур Ұлттық университетінің медицина профессоры Ван Линьфа бұл вирус туралы белгісіз фактілерді ескере отырып, «Ланъиге» қатысты қырағылық танытып, дүрбелеңге салынбау керектігін айтты.

Добавить комментарий