АҚШ: Johnson&Johnson препаратымен вакциналау тоқтатылады

АҚШ-та коронавирустық инфекцияға қарсы Johnson&Johnson вакцинасын салдырғаннан кейін тромбоз пайда болған алты науқас туралы деректер зерттелгенге дейін осы препаратпен вакциналау тоқтатылды.

Ауруларды бақылау және алдын-алу орталығы (CDC) және АҚШ-тың Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер министрлігінің Азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасы (FDA) екпе салдырғаннан кейін пайда болатын ықтимал жанама әсерлерге байланысты Johnson & Johnson компаниясының коронавирусқа қарсы вакцинасын пайдалануды тоқтата тұруды ұсынды. Бұл туралы сейсенбі күні Twitter-дегі FDA-ның парақшасында хабарланды.

Аталып өткендей, АҚШ Денсаулық сақтау министрлігінің агенттіктері Johnson & Johnson препаратымен вакциналаудан кейін елде тіркелген алты тромбоздың пайда болу жағдайы туралы деректерді зерттеуде. «Қазіргі уақытта осы жанама әсер өте сирек кездеседі», — делінген хабарламада.

CDC және FDA сейсенбі күні Johnson&Johnson компаниясының COVID-19 коронавирусқа қарсы екпесінен кейін тромбтардың пайда болғаны туралы хабарламаларды баса назарда ұстайтынын мәлімдеген. Бұған дейін CNN еуропалық дереккөздерге сілтеме жасап, осы вакцинамен егілгеннен кейін «ерекше тромбтар» пайда болған төрт жағдай туралы хабарлаған болатын.

Добавить комментарий