Қазақстандық синоптиктердің ұсынған мәліметтерге сәйкес ертең, 2021 жылғы 7 сәуір, сәрсенбі күні еліміздің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады.
Республика бойынша кей жерлерде жауын-шашын жауады (жаңбыр, қар), тек оңтүстік, оңтүстік-батыста және орталығында жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді, солтүстік өңірлерде көктайғақ күтіледі, — деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
Батыс Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман болуы мүмкін, жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болжанады, күндіз Қостанай облысында жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақтөбе, түнде Атырау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақмола, Маңғыстау, Қарағанды, түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман күтіледі.