Украина азаматы Қазақстаннан шығарылды

Лисаков қаласының соты Украинаның 35 жастағы азаматын Қазақстан Республикасының аумағынан шығарып жіберу туралы қаулы шығарды.

Қостанай облысы ПД хабарлағандай, ер адам отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы заңнаманы жүйелі түрде бұзып, бұрынғы әйеліне тыныштық бермеген. 38 жастағы жергілікті тұрғын бұрынғы күйеуі тарапынан жасалған шабуылдардан қорғану мақсатында құқық қорғау органдарына бірнеше рет жүгінген, нәтижесінде оған бірнеше мәрте айыппұл салынып, қамауға алу түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

15 қазанда Лисаковск соты тәртіп сақшыларының Украина азаматын елден шығарып жіберу туралы арызын қанағаттандырды. Сот шешімін көші-қон және жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері орындап, тәртіп бұзушыны Алматы әуежайына дейін апарып, оның ұшып кетуін бақылады. Айта кетейік, оған Қазақстанға кіруіне бес жылға тыйым салынды.

Добавить комментарий