Ертең, бейсенбі күні 2021 жылғы 23 қыркүйекте еліміздің барлық облыстарында жел күшейеді.
«Қазгидромет» РМК хабарлауынша, Қазақстанның жеті облысында жел күшейіп, тұман түседі және шаңды дауыл тұрады, дауылды ескерту жарияланды
Синоптиктердің мәліметінше, 23 қыркүйекте күндіз Ақтөбе облысында желдің жылдамдығы 15 м/с дейін күшейеді.
Маңғыстау облысында 23 қыркүйекте найзағай ойнайды, тұман түседі, шаңды дауыл соғады және жел секундына 15-20 м/с дейін күшейеді.

Фото: Бейсенбі, 2021 жылғы 23 қыркүйекте жеті өңірде дауылды ескерту жарияланды
23 қыркүйекте түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында тұман күтіледі.
23 қыркүйекте күндіз Атырау облысының оңтүстік-шығысында шаңды дауыл тұрады. Түнде оңтүстікте және орталықта, күндіз облыстың басым бөлігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
23 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстік-батыстан жел соғалы, екпіні 15-20 м/с жетеді.
Қызылорда облысында 23 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.
23 қыркүйекте Павлодар облысының солтүстігі мен батысында тұман түседі.