Қазақстанда Tour of Kazakhstan Almaty 2021 веложарысының екінші туры өтеді. Аталған іс-шараға байланысты биылғы жылдың 10 қазанында жолдардың бір бөлігі жабылады. Көлік қозғалыс жартылай шектеледі.
Спорттық жарыс сағат 09:30-да Royal Tulip қонақ үйінде басталады, спортшылар сағат 11.00-де «Медеу» мұз айдынындағы мәреге жетеді деп жоспарлануда.
«Іс-шараны ұйымдастыру комитеті Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарын жарыс болатын күні жолдардың бір бөлігі жабылатынын хабарлайды. Веложарыс Royal Tulip қонақ үйінің алдында басталады сағат 09:30-да басталады, спортшылар сағат 11.00-де «Медеу» биік таулы мұз айдынындағы мәреге жетеді деп жоспарлануда.
Осыған байланысты Достық даңғылы мен Оспанов көшесінің қиылысынан «Медеу» биік таулы мұз айдынына дейінгі автожол сағат 09:30-дан 11:00-ге дейін оңтүстік және солтүстік бағыттар бойынша жабылады», — делінген Веложарыс федерациясының баспасөз қызметі хабарламасында.
Автокөлік жүргізушілеріне өз бағытын алдын ала жоспарлауды сұрайды.
Бірінші айналымда велошабандоздар 130 шақырым жүрді
Әуесқойлар арасындағы веложарыстың бірінші кезеңі 9 қазанда индустриалды аймақ аумағында өтеді, маршруттың ұзындығы — 30 км. Екінші кезең аясында әуесқой жарысшылар 10 шақырымды бағындырады.
«Велосипедшілердің барлығы бірге бастайды, ал жүлдегерлер ерлер мен әйелдер арасында Халықаралық велосипедшілер одағының стандарттарына сәйкес абсолюттік және жас санаттары бойынша анықталады. Қатысушылар саны — 200 адам», — деп хабарлайды ұйымдастырушылар.