Алматының жер сілкінісі кезіндегі ең қауіпсіз ауданы

Төтенше жағдайлар вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев Алматының жер сілкінісі кезіндегі ең қауіпсіз ауданын атады.

«Алматы — еліміздің сейсмикалық қауіпті өңірлерінің бірі. Алматы тектоникалық плиталардың 27 қауіпті жарылу аймағында орналасқан. Негізгілері — қаланың таулы аймақтары. Ең қауіптісі — Түрксіб ауданы, қалғандары — Медеу, Бостандық аудандары опырылуы, сондықтан қауіп жоғары», — деді Күлшімбаев.

Оның айтуынша, 9 және одан да жоғары балдық жер сілкінісі кезінде Алматыда тұрғын үйлердің 30 пайызы зардап шегеді.

«Қаланың 60-70 пайызы қирай ма, онымен келісе алмаймын. Бірақ болжамды мәліметтер бойынша, 9 және одан жоғары балдық жойқын жер сілкінісі кезінде тұрғын үйлердің 30 пайызына дейін қирауы мүмкін. Сәйкесінше, қандай залал болатынын қарастыру керек», — деп түйіндеді сөзін вице-министр.

Добавить комментарий