Ол Instagram-да бейнебаян жариялап, 25 қыркүйекте Мәскеуде өтетін келесі жекпе-жегіне дайындалып жатқанын айтты.
«Менің айтқан сөздеріме келетін болсақ, ешкімді соққыға жығудың, оның үстіне ешкімге оқ атудың қажеті жоқ, өйткені барлық адамдар мұның қалжың ретінде айтылғанын біледі және түсінеді. Мен өз айтқан сөзімнен бас тартпаймын, мағынасы сол күйінде қалады. Дезинфекция біздің қалағанымыздай жүргізілетініне менің әлі күнге дейін күмәнім бар. Сондықтан мен өз айтқан сөзімнен бас тартпаймын, бірақ кейбір адамдар бұл терроризм, экстремизм деп түсінген сияқты. Бірақ бұл бос әңгіме, менің тарапымда ешқандай экстремизм жоқ.
Мен халықпен біргемін, мен әрдайым бетбітшілік болғанын қалаймын, сондықтан қолдайтындарыңызға рахмет», — деді Қуат Хамитов.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде Хамитовтың көшедегі дезинфекторларды ұрып, тікұшақтарға оқ атуға шақырған үндеуі пайда болған. Содан кейін ол тиісті процессуалдық әрекеттерді жүргізу үшін Алматы полиция департаментіне жеткізілді. Қылмыстық іс қозғалды. Оның өзі бірнеше сағаттан кейін Отан туралы сөз қозғады.
Кейін ол жаңа видео түсірді, онда ол осыған дейін айтылғандар «әзіл ретінде түсірілген» деп мәлімдеді.