ОСК басшысы президент сайлауында цифрлық құжат арқылы дауыс беруге болатынын мәлімдеді.
Президент сайлауында қазақстандықтар жеке куәлікпен ғана емес, оның электрондық нұсқасымен де дауыс бере алады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров мәлімдеді.
Оның айтуынша, қазақстандықтардың арасында цифрлық құжаттарды қолдану үлкен сұранысқа ие.
«Олар құжаттың түпнұсқасының аналогы. Сондықтан азаматтар жеке басын куәландыратын құжаттың электронды нұсқасын eGov mobile, Kaspi және Halyk банкінің мобильді қосымшалары арқылы көрсетуге құқылы», — деді Нұрлан Әбдіров Орталық сайлау комиссиясының отырысында.
Сайлау комиссиясының мүшелері сайлаушылар тізімдері негізінде цифрлық құжатты ұсынған кезде сайлаушыға дауыс беруге арналған бюллетеньді беруге міндетті.
Қазақстанжа кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашада өтеді.