Қазақстан Сенаты Әзірбайжанмен көші-қон мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялады.
Парламентарийлердің шешімімен «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзербайжан Республикасының Үкіметі арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заң қабылданды.
ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев атап өткендей, 2019 жылдың 14 қазанында Баку қаласында келісімге қол қойылды. Оған екі мемлекеттің атынан Қазақстан мен Әзірбайжан ішкі істер министрлері қол қойды.
«Келісімді ратификациялау көші-қон ағындарын реттеу, азаматтық мәселелерін шешу және заңсыз көші-қон желілерін анықтау үшін қолайлы жағдайлар жасайды», — деді Марат Қожаев палатаның жалпы отырысында заң жобасын таныстыра отырып.
Келісім тармақтарына сәйкес ақпарат алмасу бойынша жағдайлар жасалатыны атап өтілді:
1) статистикалық, құқықтық және ғылыми-әдістемелік ақпарат;
2) Тараптар мемлекеттерінің олардың аумақтарындағы азаматтары туралы мәліметтермен;
3) ынтымақтастық процесінде туындайтын мәселелер бойынша тәжірибе және практикалық көмек көрсету;
4) Тараптар мемлекеттерінің аумағындағы азаматтардың құқықтық мәртебесі мәселелерін қарау;
5) көші-қон заңнамасының анықталған бұзушылықтары және заңсыз көші-қон арналары туралы.
ІІМ өкілінің айтуынша, Қазақстан мен Әзірбайжанда заңнамаға сәйкес қос азаматтыққа тыйым салынады. Әзірбайжан тарапы Келісімді ратификациялау рәсімін аяқтады.