РФ мен Украина азаматтық тұлғаларды іздестіру мәселесін талқылады

РФ және Украина омбудсмендері азаматтық тұлғаларды іздеу және отбасыларды қауыштыру мәселелерін талқылады.

Хабарланғандай, РФ-дағы адам құқықтары жөніндегі уәкіл Татьяна Москалькова Украина омбудсмені Дмитрий Лубинцпен азаматтық тұлғаларға көмек көрсету, соның ішінде оларды іздеу және отбасыларын қауыштыру мәселелерін талқылады.

«Украина омбудсменімен келіссөздердің үшінші рауты өтті. Азаматтық тұлғаларға өзара көмек көрсету, оның ішінде отбасының орналасқан жерін анықтау және оларды қауыштыру мәселесі бойынша жұмыстардың қорытындылары шығарылды», — деп өзінің Telegram-арнасында Москалькованың сөзін келтіреді.

11 және 12 қаңтарда Москалькова мен Лубинец Анкара қаласында өткен омбудсмендердің халықаралық конференциясына қатысты.

Добавить комментарий