Қол қойылған үшжақты мәлімдемеге сәйкес Әзірбайжан әскерилері Агдам ауданына кірді. Бірнеше күн бұрын Әзірбайжан мен Арменияның ресми өкілдері Ресей Федерациясының делдалдығымен Таулы Қарабақтағы әскери іс-қимылдарды толық тоқтату және өңірде ресейлік бітімгерік күшті орналастыру туралы бірлескен мәлімдемеге қол қойды. Бұл туралы елдің қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Әзербайжан президенті, Ресей президенті және Армения премьер-министрі қол қойған үшжақты мәлімдемесіне сәйкес, 20 қарашада әзірбайжан армиясының бір бөлігі Агдам ауданына кірді», — делінген хабарламада.
27 қыркүйекте Таулы Қарабақта жағдай шиеленісіп, даулы аумақта белсенді қақтығыстар басталды. Баку мен Ереван 1988 жылдың ақпан айынанда Әзірбайжан КСРО құрамынан шыққанын жариялағаннан бері аймақтың аумағында дауласып келеді. 1992-1994 жылдардағы қарулы қақтығыс кезінде Баку Қарабақ пен оған іргелес жатқан жеті ауданды бақылауынан жоғалтып алды.
9 қарашада РФ президенті Владимир Путин, Әзірбайжанның көшбасшысы Ильхам Әлиев пен Армения премьер-министрі Никол Пашинян Таулы Қарабақтағы әскери іс-қимылдарды толық тоқтату және өңірде ресейлік бітімгершілік күштерді орналастыру туралы бірлескен мәлімдемеге қол қойды.