ЕО Лукашенкоға қарсы санкциялар енгізуді қарастыруда

Еуроодақ Беларусь президенті Александр Лукашенкоға санкция енгізу мәселесін талқылауда. Бұл туралы жұма күні Брюссельде ЕО-ның жоғары дәрежелі өкілі қоғамдастықтың 27 елінің сыртқы саяси ведомстволары басшыларының 12 қазанға белгіленген отырысы қарсаңында мәлімдеді.

«Мәселе қаралып жатыр. Дүйсенбі күні оған қарсы санкциялар енгізілмейді, өйткені заңды рәсімді сақтау қажет. Бірақ СІМ басшылары оған қарсы санкциялар енгізу туралы саяси шешім қабылдай алады», — деді ол.

ЕО өкілі Еуроодаққа мүше 27 мемлекеттің сыртқы істер министрлері алдағы отырыста Брюссельдің Беларусь билігіне қатысты санкцияларды «сайлау нәтижелерінің бұрмалануына және елдегі адам құқықтарының бұзылуына байланысты» кеңейтуге ниетті екенін жариялайтынын айтты.

«Отырыста біз адамдарды қара тізімге қосу бойынша жұмыс жүргізіп жатқанымыз жарияланатын болады», — деді ол.

Добавить комментарий