Білім және ғылым министрлігі «Өзін-өзі тану» міндетті пәнін факультативтік санатқа ауыстыру мәселесін қарастырып жатыр.
Ведомстводан атап өткендей, «қазіргі уақытта ҚР БҒМ Ұлттық білім академиясы аталған міндетті пәнін мектепте келесі оқу жылынан бастап факультативтік санатқа ауыстыру бойынша жоба енгізді».
Яғни, қыркүйек айынан бастап «Өзін-өзі тану» пәнін бұрынғыдай 1-11 сыныптар емес, тек бір сыныпта ғана оқушылардың таңдауы бойынша оқыту жоспарлануда, — деп хабарлайды ҚР БҒМ баспасөз қызметі.
Білім және ғылым министрлігі хабарлағандай, «пәнді факультативтік тізбеге ауыстыру бойынша аталған жұмыс оқу бағдарламаларын жаңарту және оқушылардың оқу жүктемесін азайту жөніндегі шаралар шеңберінде жүргізіледі».