Қазақстанда әрбір төртінші адамда темір тапшылығы байқалады

Темір тапшылығынан зардап шегетін қазақстандықтардың саны белгілі болды. Зертханаға жүгінген әрбір алтыншы адамнан темір тапшылығы анықталған.

Қазақстанда әрбір төртінші пациентте темір тапшылығы анықталды

Аталған элементтің тапшылығы көбінесе 19-25 жас аралығындағы адамдарда кездеседі.

Қазақстандағы әрбір төртінші пациентте темір тапшылығы анықталды, деп хабарлады клиникалық-диагностикалық зертхана.

2021 жылдың басынан бастап «Олимп» зертханасында темір мөлшерін анықтау үшін 211 500 (74% — ер, 26% — әйел) адам қан тапсырған.

«Пациенттердің 25%-ында темір тапшылығы анықталды, жынысы бойынша ерекшелік қатты білінбейді, бірақ жасына байланысты айырмашылық бар, — деп хабарлады зертхананың бас директоры Ерлан Сүлейменов. — Темір тапшылығы анықталған пациенттердің көбісі 19-25 жас аралығындағы адамдар. Аталған микроэлементтің тапшылығы осы санаттағы пациенттердің 34%-ында анықталған. Темір тапшылығы балаларда сирек кездеседі».

Жас топтары бойынша темір тапшылығы

Әдетте, 19-25 жас аралығындағы науқастар — бұл студенттер. «Олимптегілер» темір тапшылығының кең таралуы дұрыс тамақтанбаудың салдары деп болжап отыр.

«Құрамында қолжетімді темірі бар тағамдарды (ет және ет өнімдері), темірдің сіңірілуін жақсартатын (С дәрумені бар көкөністер мен жемістер) өнімдерді көбірек жеп, темірдің (шай, кофе) сіңірілуін тежейтін өнімдерді аз тұтыну қажет», — деп кеңес береді мамандар.

Темір тапшылығы гемоглобин түзілуін төмендетеді.

«Гемоглобин оттегінің мүше және тін жасушаларына жеткізілуін қамтамасыз етеді. Гемоглобин жеткіліксіз болған жағдайда бұл функция бұзылады және біртіндеп ауыр созылмалы дерттерге әкеп соғатын патологиялық процестер басталады. Сондықтан ағзадағы темір тапшылығын міндетті түрде толтыру қажет», — деп атап өтті Ерлан Сүлейменов.

Теміртапшылықты анемияың белгілері әлсіздік, бас ауруы, бас айналуы, жүрек жиі соғуы, ентігу, физикалық жүктемелерді көтере алмау, тәбеттің және жұмыс пен оқу қабілетінің төмендеуі, назардың төмендеуі, оқытылуы, терінің құрғауы, шаштың түсуі болып табылады.

Добавить комментарий