Қазақстанның статоргандарының хабарлауынша, елге 1991 жылдан бері 1,1 млн этникалық қазақ келген. 2022 жылы шамамен 18 мың қандас тарихи отанына оралды.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі осы жылдың басынан бастап Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі (63,5%) Өзбекстаннан, 9,9% – Ресейден, 9,1% – Түркіменстаннан, 8,6% – ҚХР-дан, 4,9% – Моңғолиядан, 4% – басқа елдерден келгенін хабарлады.
«Елге оралған этникалық қазақтар негізінен Алматы (27,1%), Маңғыстау (17,7%), Түркістан (8,3%) және Жамбыл (6,1%) облыстарына, сондай-ақ Алматы (5,5%), Астана (9,1%) және Шымкент (6,6%) қалаларына қоныстанды.
Биылғы жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 59,4%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 26,9%-ды және зейнеткерлер 13,7%-ды құрайды.
Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 20%-ы жоғары білімді, 39,4%-ы орта кәсіби білімді, 38,9%-ы жалпы орта білімді және 1,7%-ының білімі жоқ», — деді Еңбек министрлігінің өкілдері.
5 желтоқсанда бейінді ведомство қандастарды қабылдау процедурасына бірқатар өзгерістер енгізуді жоспарлап отырғанын хабарлаған.