Журналистке қатысты оқиғадан кейін күзет агенттігі лицензиясынан айырылды

Алатау ауданының әкімдігі хабарлағандай, күщетші журналисті ғимараттан күштеп шығарғаннан кейін күзет агенттігі лицензиясынан айырылды.

«Әділ сөз» қоры журналистердің полицияға жазған арызы бойынша ешқандай шара қолданылмағанын айтты.

Алматы полиция департаменті «Хабар» телеарнасының журналисті Алатау ауданы әкімдігінің ғимаратынан күштеп шығарылғаннан кейін күзет қызметімен айналысқан кәсіпорын лицензиясынан айырылды, деп хабарлайды «Әділ сөз» халықаралық сөз бостандығын қорғау қоры ішкі істер министрінің қоғамдық кеңесшісі Жеміс Тұрмағамбетоваға сілтеме жасап.

Алматы қалалық полиция департаменті ақпаратты растады.

Қорда атап өткендей, қалалық ПД «жедел әрі принципиалды» шара қабылдады, алайда полиция қызметкерлері кейбір мәселелер бойынша әрекет етпей жатыр.

«10 маусымда «Ақ Жайық» газетінің бас редакторы Азамат Майтанов Атырау қалалық ІІД-ге өзіне қоқан-лоқы көрсетіліп, өмірі мен денсаулығына қатер төнгенін айтып арызбен жүгінген. Алматылық әріптестерінің үлгісімен Ақмола облыстық полиция департаментінде қаңтар айынан бері тергеліп жатқан 716.kz ақпараттық порталының тілшісі Оксана Матасованың ісі қозғалады деп үміттенеміз. Алматы ДП 2019 жылдың шілдесінен бастап Қазақстандық адам құқықтары жөніндегі халықаралық бюроның кеңсесінде журналистерге жасалған шабуыл туралы істі тергеп жатқанын еске түсіріп қалар?»- делінген қор хабарламасында.

24 тамызда «Хабар-24» телеарнасының тілшісі Ақбөпе Тәңірберген операторымен бірге аудан әкімінен сұхбат алу үшін Алматы қаласы Алатау ауданының әкімдігіне келген. Журналист лифтіге кірмекші болғанда, күзетші оны ұстап алып, күштеп ғимараттан шығарып, есікті жауып тастады.

Осы оқиғадан кейін күзетші жұмыстан шеттетілді. Аудан әкімі сол кезде сырт жүргенін және журналистпен кездесетіні жайлы ештеңе білмегенін мәлімдеді.

Добавить комментарий