Шымкентте төрт бала ауруханаға түсті

Бүгін Шымкентте токсикологиялық бөлімде төрт бала ауыр халде жатыр. Дәрігерлер олардың жағдайын бақылауда.

«Белгісіз заттан улану» диагнозымен зардап шеккендер Әл-Фараби ауданы Рысқұлбеков көшесіндегі бес қабатты үйдің пәтерінен ауруханаға жатқызылды.

Қалалық гибербариялық оксигенация орталығының токсикологиялық бөлімшесіне балалар тамыздың 13-і күні сағат 01: 45-те жеткізілді. Олардың жасы: 2014 жылы туған — екі бала және 2013, 2017 жылдары туған екі бала. Қазіргі уақытта олардың жағдайы орташа дәрежеде.

Белгілі болғандай, зардап шеккен балалардың ата-аналары пәтер жалдап тұрады. Ата-аналардың айтуынша, көрші пәтерде дезинфекция жүргізілген — тарақандарды улаған. Оқиға орнына Шымкент қаласы ТЖ департаментінің қызметкерлері барды. Оқиғаның барлық жағдайларын Әл-Фараби ауданының қызметкерлері мен Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің қызметкерлері анықтайтын болады.

Добавить комментарий