Бірінші курс студенттері екінші семестрден бастап аралас оқу форматына көшеді. Бұл жоғары оқу орындарына да, колледждерге де қатысты. Шешім Ведомствоаралық комиссия (ВАК) Білім және ғылым министрлігінің ұсынысы бойынша, сондай-ақ қоғамның пікірін ескере отырып, тиісті оқыту сапасын қамтамасыз ету мақсатында қабылданды.
Бұған дейін ІІІ тоқсаннан бастап бітіруші сынып оқушылары дәстүрлі форматта пәндердің 70%-ын оқитын болады деп хабарланған болатын.
Үкімет басшысы әкімдерге өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты жағдайды тұрақтандыру мақсатында қажетті шектеу шараларын қабылдауды тапсырды.
Премьер-Министр әкімдерге қоғамдық орындарды, мектептер мен балабақшаларды сапалы санитарлық өңдеу, сондай-ақ екпе пункттерін вакциналауға дайындау қажеттілігіне баса мән берді.