Украинадағы соғыс қимылдары немен аяқталады: батыс сарапшыларының пікірі

Көптеген мамандар мен сарапшылар Украинадағы соғыс қалай аяқталатынына және РФ үшін қандай салдары қандай болатынына қатысты сан түрлі сценарийлерді келтіреді. Ықтимал сценарийлердің бірі Ресей КСРО-ның жолымен жүреді деген болжам- яғни соғыс қимылдары Ресей Федерациясының ыдырауымен аяқталады.

Кейбір батыстық саясаттанушылар бұл әбден ықтимал деп санайды, себебі Украина аумағындағы ұрыс қимылдарына РФ-да тұратын ұлт өкілдері белсенді қатысуда: орыс, бурят, дағыстан, шешен, украин, шешен және т.б.

Батыстың саясаттанушылары алдыңғы шептегі ұлттық батальондар айтарлықтай шығынға ұшырауда деп мәлімдейді. «Ерте ме, кеш пе, соғысқа ер азаматтары белсенді тартылып жатқан шалғай депрессиялық аймақтардың халқы Путин режимін жек көре бастайды», — дейді батыстық саясаттанушылар.

«Ресей Украинаға қарсы соғыста өз әскерилерінен айырылып жатыр. Кремль елдің шалғайдағы депрессиялық аймақтарынан адамдарды тарта отырып, жер жастанған сарбаздарының орнын толтыруда. Этникалық ресейліктер тұратын Ресейдің экономикалық және әлеуметтік жағынан дамыған қалаларынан әскерге шақыртылғандар айтарлықтай аз», — деп мәлімдейді украиналық сарапшылар өз ақпарат көздерін жария етпей.

https://oqu.news/chem-zakonchitsja-vojna-v-ukraine-mnenie-zapadnyh-analitikov/

АҚШ-тың жоғары лауазымды шенеуніктерінің бірі, атап айтқанда, мамандарға сілтеме жасап, «соғыс қимылдары басталғалы бері Украинада шамамен 80 000 ресейлік қаза тапты немесе жарақат алды, ал әскерилер үш немесе төрт мың дана бронетехникадан айырылды» деп мәлімдеді.

Өз кезегінде Украина тарапы Ресей әскері 40 000-нан астам сарбазынан айырылғанын мәлімдеді. Айта кетерлігі, Еуропалық Одақтың бас дипломаты Жозеп Боррель егер деректер расталса, бұл армия шығынынң әлемдік рекорды болатынын мәлімдеді.

Украина президенті кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляктың бағалауынша, соғыста қаза тапқан мәскеуліктер дағыстандықтармен салыстырғанда 87,5 есе, буряттармен салыстырғанда 275 есе және тувалықтармен салыстырғанда 350 есе аз. Айта кетерлігі, Мәскеуде ондаған миллион адам өмір сүреді.

https://oqu.news/chem-zakonchitsja-vojna-v-ukraine-mnenie-zapadnyh-analitikov/

Украиналық саясаттанушылар соғыс тек украиндықтарды ғана емес, Ресей Федерациясының азаматтарын да жоюға арналған құрал ретінде пайдаланылып жатқанын айтып отыр.

Сарапшылар бейресми ақпарат көздерінің деректеріне сүйене отырып, РФ-ның әскери қолбасшылығы басқа елдің азаматтарын жұмылдыруда деп отыр. «Мәселен, шығынның орнын толтыру үшін Кремль қолдайтын ресейлік вагнер-жалдамалыларын, Орталық Азия елдерінің азаматтарын тартуда», — деп жазады олар.

Бурятия мен Татарстанның батысшыл белсенділері Путин режиміне қарсы митингіге шығып, Ресейдің құрамынан шығу идеясын жариялады.

Добавить комментарий