Қазақстандықтар жол апаты болған жерден кетіп қалудың елеулі салдары барын естен шығармаған жөн. Астана полициясы заңды сақтауды және оқиға орнынан кетпеуге шақырады.
Осы жылдың басынан бері Қазақстан елордасында 22 000-ден астам жол апаты болды, оның ішінде 2817 жағдайда жүргізушілер оқиға орнынан кетіп қалған. Олардың көбі жағдайдың қаншалықты күрделі екенін түсінбейді, жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалудың құқықтық салдары бар.
Жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған, ал зардап шеккендер немесе қаза тапқандар болған жағдайда қылмыстық жаза көзделеді.
Астана қаласы ДП баспасөз қызметі жүргізушілерді мұндай бұзушылық жасамауға шақырады. 2023 жылдың сегіз айында елордада жол апатын жасағаны үшін 28 автокөлік иесі ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлігі бойынша жүргізуші куәлігінен айырылды. Сонымен қатар 24 жүргізуші ӘҚБтК-нің 611-бабының 2-бөлігі бойынша жол-көлік оқиғасы орнынан кетіп қалуына байланысты көлік басқару құқығынан айырылды.
ЖКО орнын тастап кету жағдайларының бірі тамыз айында орын алды. Көлік құралының жүргізушісі артқа қарай қозғалу барысында екінші бір автокөлікті түйіп өтіп, иесінің жоқтығын пайдаланып, оқиға орнынан қашып кеткен. Мұндай әрекеттер жүргізушілер үшін қылмыстық қудалауды қоса алғанда, елеулі жағымсыз салдарға әкеп соғуы мүмкін.
Жол қозғалысы ережелерін сақтау жол қозғалысы қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі элементі. Полиция жүргізушілерді барынша мұқият болуға және тәртіпті сақтауға шақырады.