Израиль Парламенті, Кнессет, елдің Жоғарғы сотының өкілеттігін шектеуге бағытталған сот реформасының негізгі ережелерін қабылдады. Оппозицияның наразылығына қарамастан, басқарушы коалиция депутаттары бастаманы жақтап дауыс берді.
Қабылданған заң жобасы Жоғарғы сотқа үкіметтің шешімдеріне баға беруге және олардың күшін жоюға мүмкіндік беретін «негізділік доктринасын» алып тастайды. Билеуші партия бұл өзгеріс билік тармақтарын толықтай бөлу үшін қажет деп алға тартуда.
Реформаға қарсылар доктринаны билікті асыра пайдаланудан қорғайтын іргелі демократиялық кепілдіктердің бірі тежеу мен тепе-теңдік жүйесінің маңызды элементі деп атайды. Оппозиция Кнессетте дауыс беру аяқталғаннан кейін де берілмейтінін және Жоғарғы сотта қабылданған заңды Израильдің демократиялық принциптеріне қайшы деп тосқауыл қоюға тырысатынын айтып отыр.
Бұған дейін мыңдаған адам қатысқан наразылық шарасы мен тәртіпсіздіктер кезінде премьер-министр Биньямин Нетаньяху реформаны қарауды тоқтатуға мәжбүр болған еді. Дегенмен, бірнеше айдан кейін бастама Кнессетте дауыс беру үшін қайтарылды.