Мехикода метро көпірі құлап, 20 адам қаза тапты

Мехикода метро көпірінің құлауы салдарынан 20 адам қаза тапты. Хабарланғандайй, тағы 49 адам түрлі дәрежедегі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы қала мэрі Клаудия Шейнбаум хабарлады.

Бұған дейін 15 адам қаза тауып, 34 адам зардап шеккені хабарланған болатын. Мексиканың азаматтық қорғаныс қызметінің мәліметі бойынша, құтқару жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды «Коммерсант».

Мехиконың оңтүстік-шығысында, Оливос және Тесонко станцияларының маңында орналасқан көпір пойыз жүріп бара жатқанда құлаған. Сол сәтте жолдың бойымен өтіп бара жатқан бірнеше көлік көпірдің астында қалды. El Pais Mexico атап өткендей, 2017 жылы жер сілкінісінен кейін көпірдің тіректерінде жарық пайда болған.

Добавить комментарий