Құқық қорғау органдарының қызметкерлері Аяжан Еділованың жоғалуына байланысты жүргізілген жедел іздеу шараларының нәтижесінде зорлық-зомбылық белгілері бар қыздың мәйіті табылғанын хабарлады.
Марқұмның жеке басы анықталды — ол Алматы қаласының тұрғыны Аяжан Еділова.
Бұған дейін, 2001 жылы туған Еділова 2021 жылы 19 наурызда Қонаев көшесінде орналасқан маникюр салонынан сағат 20:44 шамасында жұмыстан шығып, жоғалып кеткені хабарланған болатын.
19 наурызда жоғалып кеткен Алматы қаласының тұрғыны Аяжан Еділова өлі күйінде табылды.
Күдікті ұсталды. Ол 1993 жылы туған Түркістан облысының тұрғыны болып шықты.
«Хабар-ошарсыз жоғалған адамның орналасқан жерін және оның жоғалу жағдайларын анықтау мақсатында жедел-тергеу тобы құрылды. Жедел іздеу іс-шараларын жүргізу барысында қыз жоғалып кеткен күні әлеуметтік желіде танысқан жаңа танысымен кездеспек болғаны анықталды. Қыз ер адамның қылмыстық әрекеттерінің құрбаны болғаны анықталды. Кісі өлтірудің себептері мен тәсілдерін анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізілуде», — деп хабарлады Алматы қаласы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Еркін Іңқаров.