Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 52 жастағы әйел мен сегіз жасар баланы жаяу жүргіншілер өткелінде көлік қағып кетті.
Жол апаты Қарасай ауданындағы Сауыншы кенті маңында болған деп хабарланды. Жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқанда 52 жастағы әйел мен оның баласын Toyota Camry Gracia қағып кетті.
Автокөлік тізгінін 23 жастағы Алматы тұрғыны басқарған, қазір ол қамауда.
Жаяу жүргіншілер өліміне алып келген факті бойынша ҚР ҚК 345-бабында көзделген сотқа дейінгі тергеу басталды (Көлік құралдарын жүргізетін адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы). Қажетті сараптамалар тағайындалды. Көлік арнайы тұраққа қойылды.
Ұсталған жүргізушінің кінәсі дәлелденген жағдайда, ол бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға тартылады.