Қазпошта қызметкерлері ақша жымқырды және иемденді деген күдікке ілінді

Қазақстанның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінде «Қазпошта» акционерлік қоғамының үш қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалғаны туралы айтылды.

«Осы аптада Павлодар облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Екібастұздағы «Қазпошта» АҚ пошта байланысы бөлімшесінің бастығына қатысты сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен, атап айтқанда, 9,4 млн теңге көлемінде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді бастады. Тергеу жұмыстары жалғасуда», — делінген хабарламада.

Түркістан облысында «Қазпошта» операторларының екі кассиріне қатысты қылмыстық істер тіркелді, олар өздерінің қызмет бабын пайдалана отырып, азаматтардың «атаулы-әлеуметтік көмек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша бөлінген ақшаларын иемденген.

Добавить комментарий