Сәрсенбі күні Қазақстанда жаңбыр мен қар жауады, тұман түседі. 2022 жылғы 26 қазанда еліміздің 11 облысында дауылды ескерту жарияланды.
Қызылорда облысында жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, түнде облыстың орталығында күші 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың орталығында 23 м/с күтіледі. Қызылорда қаласында жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз күші 15-20 м/с күтіледі.
Түнде және таңертен Жетісу облысының орталығында, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 17-22 м/с.
Күндіз Ұлытау облысының басым бөлігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Жезқазған қаласында күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Түнде және таңертең Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Таулы аудандарда тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, күндіз тау асуларында 25 м/с. қ. Шымкентте түнде кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с. қ. Түркістанда оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с. Қостанай қаласында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз күші 15-20 м/с күтіледі.
Күндіз Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оралда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, кей уақыттарда екпіні 23 м/с күтіледі. Астана қаласында оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар). Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Петропавлда жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ күтіледі.
Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады) күтіледі. Түнде және таңертен 26-27 қазанда таулы аудандарда тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батыс желіне ауысады, 26-27 қазанда облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, 26 қазанда облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында екпіні 23-28 м/с күтіледі. Таразда түнде және таңертен 26-27 қазанда тұман күтіледі. Таңертең және күндіз 26 қазанда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.