Синоптиктер Қазақстанда үсік жүруі мүмкін екенін ескертті

Синоптиктер ауа райы болжамын жариялап, үсік жүруі мүмкін екенін ескертті.

Қазақстанның солтүстік жартысына Солтүстік-Батыс суық антициклоны салқын ауа райын сақтайды, деп хабарлайды Қазгидромет.

Синоптиктердің мәліметінше, республиканың батысында, солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен жаңбыр жауады, шығыстың таулы аудандарында, оңтүстік-шығыста түнде жаңбыр жаңбырдың соңы қарға ұласуы мүмкін

14-15 қыркүйекте шығыста қатты жаңбыр жауады. Республика бойынша жел күшейеді.

Түнгі уақытта солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта, 15 қыркүйекте шығыста, Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда 3 градусқа дейін үсік күтіледі.

Добавить комментарий