Жауапсыз махабат үшін шатырдан секірмек болды

Жауапсыз махаббатқа шыдамаған ер адам сүйіктісі жұмыс істейтін дүкеннің шатырына шығып, өз-өзіне қол жұмсамақ болған.

Жиырма бір жастағы ер адам дүкен жұмысшыларының біріне жауапсыз ғашық болған.

«Кешке шамамен сегіз сағат қырық минутта ер адам шатырдан секірмек болды деген қоңырау келді. Оқиға орнына келіп, ақпараттың расталғанына көз жеткіздік. Көп адам жиналды», — деді Алматы қаласының ПД ЖПҚБ патрульдік полиция полкінің инспекторы Абылайхан Оқас.

Полиция қызметкерлері еш ойланбастан батыл әрекет етуге бел буды: екі жақтан төбеге көтерілу үшін бөлінді.

«Менің әріптестерім баспалдақтан шығып кетті, мен жарнама тақтасымен жоғарыға көтеріле бастадым. Секірмек болған ер адам менен алыс емес жерде болды», — деп түсіндірді патрульдік полиция қызметкері Әділбек Өтеұлы.

Осы уақытта оның серіктесі баспалдаққа жүгіріп келіп, жоғарыға көтерілді.

«Алдымен мен ер адамның назарын өзіме аудартып,ойланбаған әрекетті жасамауын сұрадым. Бірақ мен жақындаған сайын жас жігіт секіруге әрекет жасай бастады. Сол сәтте менің әріптесім шығыс жақтан жасырынып келіп, оны ұстап алып, шатырға қайта тартты», — деді Алматы қаласы ПД ПППқызметкері Ақберген Төлегенов.

Жігітті ама-есен күйінде төменге түсірді.

«Әрине, оның мұндай әрекетке неге бел буғанын анықтай бастадық. Белгілі болғандай, жас жігіт ғашық болған, бірақ қыз оның сезімін қабылдамаған. Тергеу үшін ол біздің бөлімшеге жеткізілді», — деп қорытындылады Жетісу аудандық қылмыстық полиция бөлімінің жедел өкілі Ерасыл Нұрлыбеков.

Добавить комментарий