Алматы әуежайында заңсыз $400 мың әкетпек болған

Алматы әуежайынан шетел валютасын әкету әрекетінің жолы кесілді. Қос түбі бар сөмкеден $400 мың табылды.

«ҚР Президентінің «Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын орындау шеңберінде ү.ж. 15 наурызда шекарашылар Алматы қаласының халықаралық әуежайында елден 400 мың АҚШ долларынан астам ақша әкету әрекетінің жолын кесті, олардың бір бөлігі қос түбі бар сөмкеде тексеруден жасырылды», — деп хабарлайды Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.

Комитетте нақтылағандай, 25 қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін ҰҚК Шекара қызметі 900 миллион теңгеден астам сомаға декларацияланбаған қолма-қол ақшаны елден әкетудің алдын алды.

Добавить комментарий