Жасөспірімдер зейнеткерді өртеніп жатқан үйден алып шықты

Жасөспірімдер зейнеткерді өртеніп жатқан үйден алып шықты. Оқушылардың арқасында ол аман қалды, егде жастағы адам ауруханаға жатқызылды.

Жасөспірімдердің ерлігі туралы Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 21 наурызда Аққайың ауданы Шағалалы ауылындағы екі қабатты тұрғын үйдің пәтерінде 1 шаршы метр алаңда өрт шықты. Өрт сөндірушілер 55 шақырым қашықтықтағы өрт сөндіру бөлімінен келгенше Чаглинка орта мектебінің екі оқушысы 16 жастағы Константин Антропов пен 15 жастағы Станислав Петерс үй иесін — 68 жастағы ер адамды құтқарып қалды.

Ер адам денесінің 20% термиялық күйік шалып, ауруханаға жеткізді. Зардап шегушінің жағдайы орташа дәрежелі деп бағаланады.

ТЖД өкілдерінің айтуынша, Өрттің себебі — жылыту пешін пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу.

Добавить комментарий