Бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектановты еліміздегі қаңтар оқиғаларына байланысты 12 жылға бас бостандығынан айырды.
«Бектанов Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттың 24.02.2023 жылғы үкімімен ҚР ҚК 451-бабының 3-бөлігі (билікті асыра пайдалану) бойынша сотталды, оған 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, жазасын барынша қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді», — делінген ашық ақпарат көздерінде.
Әскери сот аталған ақпаратты растаған жоқ.
Еске сала кетейік, 2022 жылғы 19 қаңтарда қаңтар оқиғасынан кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мұрат Бектановты Қорғаныс министрі қызметінен босатып, оның орнына Руслан Жақсылықовты тағайындаған болатын.
Артынан Мемлекет басшысы жаңа министрді таныстыра отырып, Бектановты қатаң сынға алып, ол қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде «командирлік қасиеттерін көрсетпеді» деді. 19 ақпанда Бектанов ұсталды.
Ол Қазақстандағы қаңтар айындағы тәртіпсіздіктер кезінде ҚР ҚК 452-бабы (биліктің әрекетсіздігі) бойынша айыпталуда. Ресейлік журналист Леонид Млечин өзінің «Қасіретті қаңтар» кітабында Тоқаевтың қаңтар айындағы оқиғалар барысында «ескертусіз оқ ату» бұйрығы бұзақыларға қатысты болғанын, Мемлекет басшысы қауіпсіздік күштері ұйымдастырған оқшаулауда болған, ал наразылық білдірушілерге қатысты Бектанов шамадан тыс күш қолданғанын хабарлады.
2023 жылдың 5 қаңтарында бас прокурор Берік Асылов мәжілісте Бектанов заңсыз бұйрықтар беріп, стратегиялық әскери нысандарды тастап кеткенін мәлімдеді.