Жаппай тәртіпсіздікке қатысушыларға арматура таратқандар ұсталды

Алматыда жаппай тәртіпсіздікке қатысушыларға алдын ала дайындалған арматураны таратқан алты ер адам ұсталды.

Алматы қаласы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының мәліметінше, 20-24 жас аралығындағы алты ер адам ұсталды.

Ведомство 5 қаңтарға қараған түні “Шаңырақ” ықшамауданындағы үйлердің бірінде болгарканың көмегімен темір арматураның бөліктерін (70 см) дайындап, келесі күні жаппай тәртіпсіздіктің қатысушыларына таратқанын анықтады.

Айтпақшы, кездейсоқ куәгерлер бұл іс-әрекетті ұялы телефонның камерасына түсіріп алған.

«Құқыққа қарсы әрекеттерге қатысушылар анықталып, ұсталды. Олар әдейі түні бойы тәртіп сақшыларына тәртіп бұзу үшін металл шыбықтар дайындағанын мойындады Заңсыз әрекеттерге қатысушылар анықталды және ұсталды. Олар тәртіп сақшылардың денсаулығына зақым келтіру мақсатында тәртіпсіздікке қатысушыларға тарату үшін түні бойы қасақана темір арматуралар дайындағанын мойындады», — деді Алматы полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.

Ұсталғандарға ҚР ҚК-нің 272-бабы 2-бөлігі бойынша жаппай тәртіпсіздікке қатысты деген айып тағылып отыр. Олар қамауға алынды.

Добавить комментарий