СҚО-да із-түссіз жоғалып кеткен ер адам табылды

Хабар-ошарсыз жоғалып кеткен ер адам көрші ауданнан табылды. Ол көрші аудандағы орманда тұрған.

Тайынша ауданы Димитровка ауылының 31 жастағы тұрғыны 2021 жылдың 30 қыркүйегінде жоғалып кеткен, ер адам бірнеше күн Есіл ауданындағы Тораңғұл ауылының маңындағы орманда тұрған.

Тайынша ауданының полиция бөліміне 30 қыркүйекте ауыл тұрғынының жоғалғандығы туралы өтініш келіп түсті, деп хабарлайды Polisia.kz. Жоғалған адамның анасы ұлының 29 қыркүйек күні кешке ВАЗ-21120 автокөлігімен белгісіз жаққа кеткенін кеткенін айтты.

Іздестіру жұмыстарына Тайынша, Есіл, Қызылжар, сондай-ақ облыстық полиция аппараттарының қызметкерлері тартылды. Барлық полиция бөліністеріне бағдарлар жіберілді, сондай-ақ еріктілер мен ірі қоғамдық бірлестіктердің әкімшілері әлеуметтік желілерде із-түзсіз жоғалған адамның суреттері мен белгілері бар жазбалар орналастырды. Полицейлердің, жергілікті тұрғындар мен еріктілердің қарқынды іздестіру жұмыстары нәтиже берді. Жергілікті тұрғындардың бірі полицейлерге Тораңғұл мен Иверский арасындағы жолда қараусыз қалған ВАЗ автокөлігін көргенін хабарлады. Автокөлік жоғалған адамға тиесілі екені анықталды. Полицейлер аумақты «сүзіп шықты», қызметтік-іздестіру иттері, сондай-ақ пилотсыз ұшу аппараты квадрокоптер пайдаланылды. Нәтижесінде ер адам орманнан аман-есен табылды. Осы күндері, 29 қыркүйектен 2 қазанның таңына дейін ол Есіл орманында болды; шұңқыр қазып, жеркепе құрастырып, алмамен қоректенген. Ер адамды туған-туыстарына қайтарылды, үйден кетудің себептері анықталуда», — деді Криминалдық полиция басқармасының бөлім бастығы Сейілхан Жұмағұлов.

Жыл басынан солтүстікқазақстандық полицейлер хабар-ошарсыз жоғалғандар бойынша 323 өтініш қабылдады, оның 318-і бойынша бүгінде іздеудегілер табылды. Көп жағдайда полицейлерге еріктілер мен бей-жай қарамайтын адамдар көмек көрсетті.

Добавить комментарий