Минскіде президенттік сайлау кезінде болған жаппай тәртіпсіздіктер бойынша 1600-ден астам қылмыстық іс қозғалды.
Осы іс бойынша айыпталған 400-ден астам адамның ісі сотқа жодланды.
Минск қаласы бойынша Тергеу комитетінің басқармасы былтыр шілде айынан бастап Беларусь астанасындағы жаппай тәртіпсіздік фактілері бойынша 1,6 мыңнан астам қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы жексенбі күні Минск Тергеу комитетінің басқарма бастығы Сергей Паско беларустық СТВ телеарнасының эфирінде хабарлады.
«Минскіде болған жаппай наразылық шаралары фактілері бойынша 2020 жылдың шілдесінен бастап қызметкерлеріміз жұмыс істеген 1 600-ден астам қылмыстық іс қозғалды. Осы іс бойынша айыпталған 400-ден астам адамның ісі сотқа жолданды, ал қалғандары тергеліп жатыр», — деді ол.
Атап айтқанда, Паско «бір топ анархисттер тергеуде, қамауда отыр» деп хабарлады. «Біз жақын арада, осы айда немесе бір жарым айдың ішінде, осы қылмыстық іс бойынша тергеу амалдарын аяқтап, сотқа жіберуді жоспарлап отырмыз». «Олар сайлауалды науқаннан әлдеқайда бұрын ұйымдастырыла бастаған, олар Брест облысында аккумулятор зауытындағы [зауыт құрылысына қарсы наразылық шаралары барысында] жүргізе бастады», — деп хабарлады Паско. «Олардың Ресей мен Украинаның анархиялық қозғалыстарымен байланысы болды. Сондықтан да бұл қылмыстық іс бойынша осы қозғалысқа қатысы бар Беларусь Республикасының азаматтары емес адамдар да қамауда», — деп хабарлады ТКБ бастығы.
Паско Белорусьтегі жаппай тәртіпсіздіктер президент сайлауына дейін де және одан кейін де алдын ала жоспарланғанын айтты. «Алдағы уақытта жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырылуын бағалаймыз», — деп мәлімдеді ТКБ бастығы. Оның айтуынша, «наразылық шаралары кезінде құқық қорғау органдарының қызметкерлері бірікті». «Мен барлық күштік блоктардың осылай үйлесімді жұмыс істегенін көрген емеспін», — деді Беларусь тергеу комитетінің басшысы.
Беларусьте 2020 жылғы 9 тамызда президент сайлауы өтті, ОСК ресми мәліметтеріне сәйкес, қазіргі президент Александр Лукашенко жеңіске жетті. Екінші орынды оппозиция өкілі Светлана Тихановская иеленді, ол сайлау нәтижелерін мойындамай, елден кетіп қалды. Дауыс беру қорытындылары шығарылғаннан кейін республикада жаппай наразылық шаралары басталып, олар алғашқы күндері құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен қақтығысты.