Последние новости Казахстана и Алматы – свежие на сегодня
               Қазақстан және Алматының басты жаңалықтары
  • Құпиялылық саясаты
  • oqu.news компаниясы туралы

Последние новости Казахстана и Алматы – свежие на сегодня

  • Маңызды
  • Әлем
  • Оқиғалар
  • Экономика
  • Қоғам
  • Саясат
  • Пікірлер
  • Арнайы жобалар
  • COVID-19
RU

Байден G7 саммитіне қатысады

8 июня 06:46 / Опубликовано в Әлем

АҚШ президенті Джозеф Байден ағымдағы жылдың 25 маусымында өтетін G7 саммитіне қатысу үшін Германияға ұшуды жоспарлап отыр.

АҚШ президенті Джо Байден 25 маусымда Бавариядағы Эльмау сарайында Үлкен жетіліктің (G7) саммитіне қатысу үшін Германияға, ал 28 маусымда Мадридте өтетін НАТО саммитіне қатысу үшін Испанияға барады. Бұл туралы сәрсенбі күні Ақ үйдің баспасөз хатшысы Карин Жан-Пьердің мәлімдемесінде айтылды.

«Президент Байден 25 маусымда G7 саммитіне қатысу үшін Германияның оңтүстігіндегі Эльмау сарайына барады», — деп хабарлады ол. «Президент пен G7 көшбасшылары бірқатар маңызды жаһандық өзекті мәселелерді, оның ішінде демократиялық, егеменді және гүлденген Украинаны батыл түрде қолдау, демократиялық және экономикалық тұрақтылық, климаттық дағдарыспен күрес, дамуды ынталандыратын инфрақұрылым құру, денсаулық сақтау саласындағы жаһандық қауіпсіздік, сондай-ақ Украина төңірегіндегі ахуалдан туындаған азық-түлік және энергетикалық дағдарыс мәселесін талқылайды», деп мәлімдеді Жан-Пьер.

«28 маусымда президент 2022 жылғы НАТО саммитіне қатысу үшін Мадридке, Испанияға барады», — делінген құжатта: «Одақтас елдердің көшбасшылары алдағы онжылдықта НАТО трансформациясына бағдар болатын жаңа стратегиялық тұжырымдаманы мақұлдайды», — деп атап өтті Жан-Пьер. Аталып өткендей, бұл тұжырымдамада «тежеу мен қорғанысты нығайтудан, трансұлттық қауіп-қатерлердің алдында тұрақтылықты қалыптастырудан, оның ішінде киберсфера мен климат саласында және ережелерге негізделген халықаралық тәртіпті нығайту мақсатында Еуропа мен Азиядағы демократиялық әріптестермен ынтымақтастықты тереңдету бойынша» түрлі аспектілер қозғалады.

«Үлкен жетілік елдері» көшбасшыларының кездесуі 26-28 маусымда Германияның оңтүстігіндегі Гармиш-Партенкирхен (Бавария федералды жері) қаласы маңындағы Эльмау сарайында өтеді. Үлкен жетілік — экономикалық дамыған елдердің бірлестігі, оған Ұлыбритания, Германия, Италия, Канада, АҚШ, Франция және Жапония кіреді. Оның негізгі мақсаты — жаһандық саяси және әлеуметтік проблемалардың шешу жолдарын іздеу. Ұйым «жетілік» форматында 1976-1997 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Ресей ұйымға қосылғаннан кейін Үлкен сегіздік тобы деп аталды. 2014 жылдың наурыз айында Украинадағы оқиғалар мен РФ мен Батыс арасындағы қарым-қатынасы шиеленіскеннен кейін ұйым «жетілік» форматына қайта оралды.

Поделиться ссылкой:

  • Twitter
  • Facebook

Понравилось это:

Нравится Загрузка...

Похожее

  • Tweet
Tagged under: Ақ үй, АҚШ, Джозеф Байден, НАТО, үлкен жетілік

Читать ещё

АҚШ Ауғанстандағы тәліптердің шабуылына алаңдаушылық білдірді
БҰҰ «Азовсталь» зауытынан эвакуациялауды ұйымдастыруға дайын
Пекин билігі Трамптың қытайлық компанияларға инвестиция салуға тыйым салған жарлығын айыптады

Добавить комментарий Отменить ответ

соңғы жаңалықтар

  • Бір доллар үшін 470 теңге: Ұлттық банк маусым айында теңгенің күрт әлсіреуінің себебін айтты

    Қазақстан Ұлттық банкі ағымдағы жылдың маусым а...
  • 800 америкалық компания Украинаға қару-жарақ жасап шығаруға дайын

    800 америкалық компания Украинаға қару-жарақ жа...
  • Пара алған шенеунікке 10 жылға бас бостандығынан айырылды

    Ақмола облысында шенеунік пара алғаны үшін 10 ж...
  • Қазақстан бітімгерлерді Африкаға жібереді

    ...
  • Мадридте Түркия мен АҚШ президенттері кездесті

    Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Мадридте ...

соңғы жаңалықтар

    [email protected] tel:+7 747 341 6619

    Байзакова 280, Алматы 050000

    • Маңызды
    • Әлем
    • Оқиғалар
    • Экономика
    • Қоғам
    • Саясат
    • Пікірлер
    • Арнайы жобалар
    • COVID-19
    • Құпиялылық саясаты
    • oqu.news компаниясы туралы
    Вверх
    %d такие блоггеры, как: