Жаппай эвакуацияға дайындық: АҚШ Таяу Шығыстағы америкалықтар үшін жоспарын әзірлеуде

WP басылымының мәліметінше, АҚШ Таяу Шығыстан америкалық азаматтарды жаппай эвакуациялау жоспарын әзірлеуде. Палестина-Израиль қақтығысының өршуіне байланысты Құрама Штаттар әкімшілігі Израиль мен Ливанда тұратын 600 мыңнан астам америкалықты эвакуациялау мәселесін қарастыруда. The Washington Post газеті өз дереккөздеріне сілтеме жасап, ең нашар сценарийде азаматтарды эвакуациялау үшін жоспар әзірленетінін хабарлайды.

Алайда, кейбір WP дерекөздері атап өткендей, баламалы сценарийлер неғұрлым ықтимал деп есептеледі. Вашингтон әкімшілігі Израильдің ықтимал жерүсті әскери операциясы Таяу Шығыстағы қақтығыстың кеңеюіне алаңдаушылық білдіруде.

Қазіргі таңда америкалық жоғары дәрежелі лауазымды тұлғалар көптеген азаматтарды ықтимал эвакуациялауға байланысты қиындықтар мен логистикалық аспектілерді қарастыруда. Мемлекеттік департаменттің бағалауынша, палестиналық ХАМАС радикалды қозғалысының шабуылы кезінде Израильде 600 мыңға жуық америкалық, ал 86 мыңы Ливанда болды.

Добавить комментарий