РФ-да жоғары шенді сот орындаушы пара алғаны үшін сотталды

Иркутск облысында жоғары лауазымды сот орындаушы пара алғаны үшін 7,5 жылға бас бостандығынан айырылды

Хабарланғандай, аудандық бөлімнің 42 жастағы бұрынғы бастығы коммерсанттан бизнесінің шотын бұғаттаудан шығару үшін пара алды; оның қоластындағы екі қызметкер осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін сотталды. Бұл туралы «Ленте.ру»-ға 5 тамыз, жұма күні Ресейдің Иркутск облысы бойынша тергеу комитеті хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, сотталушы сот орындаушы бірге есепшотты фирманың бас директорынан шотын бұғаттаудан шығару үшін 480 мың рубль ақша алған. Бөлім бастығы шоттарды бұғаттаудан шығаруды ғана емес, бұрын тәркіленген ақшаны шотқа қайтаруға уәде берді. Шын мәнінде оның мұндай өкілеттігі жоқ.

Оның бұрынғы қоластындағы қызметкерлері де сотталды: біреуіне үш жыл мерзімге түзеу жұмыстары мен миллион рубль айыппұл салынды, екіншісі төрт жыл жалпы режимдегі колонияда жазасын өтейді. Тергеу пара алу және лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланудың 12 эпизодын тергеп-тексеріп, дәлелдеді. Олардың бастығы 7,5 жылға бас бостанығынан айырылып, оған 200 мың рубль айыппұл салынды.
.

Добавить комментарий