Жапония Украинаға өтеусіз көмек ретінде $470 млн бөледі

Жапония премьер-министрі Фумио Кисида Украинаға $470 млн көлемінде өтеусіз көмек көрсетілетінін жариялады

Жапония премьер-министрі Фумио Кисида Киевке сапарының қорытындысы бойынша Украинаға $470 млн көлемінде өтеусіз көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

Аталған сома Украинаға энергетикалық және басқа да салаларда көмек көрсету үшін пайдаланылады. Сонымен қатар, бұған дейін өлімге әкеп соқтырмайтын құралдарды жеткізуге $30 млн бөлінетіні хабарланған болатын.

Үлкен жетілік топтың басқа жетекшілерінен кейін Фумио Кисида да Киевке сапармен барды. Жапония қазіргі уақытта Үлкен жетілікке төрағалық етіп, мамыр айында Хиросимада саммит өткізуді жоспарлап отыр.

Кисида Украина президенті Владимир Зеленскийді бейнебайланыс арқылы саммитке қатысуға шақырды.

Добавить комментарий