Жапония билігі Ресейге қарсы санкцияларды кеңейту туралы шешім қабылдады.
Ресейлік 22 жеке тұлға мен 3 ұйымға қатысты шектеулер енгізілді.
Жапония Белоусовқа, Памфиловаға, Дугинге, РФ вице-премьері Чернышенкоға, Қорғаныс министрлігі басшысының орынбасары Мизинцевке, РФ Әділет министрі Чуйченкоға, «Камаз» компаниясының бас директоры Когонинге, Сүлеймен Керимовтың туыстарына қарсы санкциялар салды.
Жапония «Иркут» корпорациясына, «Авангард» Мәскеу машина жасау зауыты» АҚ және «Камаз» компаниясына қарсы санкциялар салды.